Іс-шара
Тренинг тақырыбы: "Өзгені сыйлау - өзіңді сыйлау"
Мақсаты: Балалардың бойында заңға құрмет, тәртіп және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда педагогтің рөлін айқындау.
Жаттығу: «Менің пікірім»
Сұрақ: Балаларға заң мен тәртіп ұғымын қалай түсіндіруге болады?
Топтық жұмыс:Педагогтер балаларға арналған құқықтық тәрбие ойындарын ұсынады.
Кейс:
Жағдай: Бала ойыншықты басқа балаға бермей, итеріп жіберді.
Сұрақтар:
1. Педагог қандай тәрбие жұмысын жүргізуі керек?
2. Балаларға ережелерді қалай түсіндіруге болады?
Шешім:
Балаларға бір-бірінің құқығын құрметтеу және ортақ ережелерді сақтау туралы түсіндіріледі.
Күтілетін нәтижелер
- Педагогтердің құқықтық мәдениеті артады
- Педагогтер өз құқықтары мен жауапкершілігін біледі
- Балаларда тәртіп пен жауапкершілік қалыптасады
Қорытынды
Өткізілген тренингтер педагогтердің құқықтық білімін арттыруға және мектепке дейінгі ұйымдарда заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.